- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ток соғып, екі...
Ток соғып, екі қолынан айырылған 5 жасар баланың ісі: айыпталушы сот үкімімен келіспеді
БҚО-да қайғылы жағдайға әкеліп соқтырған, қызметтік міндеттеріне немқұрайлы қарады деген айып тағылған Жанғала РЭС-інің бұрынғы басшысы үкімге апелляциялық шағым түсірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
7 наурызда Ақжайық аудандық соты 56 жастағы Ақжайық аудандық электр станциясының бұрынғы басшысы Бауыржан Биғалиевке қатысты үкім шығарған еді.
Оқиға 2022 жылғы 24 мамырда Жанғалы ауданы, Жаңақазан ауылында болған апат туралы. Одан кейін 4 жасар Аманжол Орынбекұлын қатты ток соққан. Нәтижесінде ол екі қолынан айырылды. Енді оған ұзақ оңалту және мүгедектік тіркеуі қажет. Былтыр қарашада балаға бионикалық протездер орнатылған еді.
Сот аудандық электр станциясының экс-басшысын кінәлі деп танып, үш жыл мерзімге энергетика саласында басшылық қызмет атқару құқығынан айыра отырып, екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сонымен қатар, судья Әлібек Нұрғалиев баланың анасының азаматтық талап арызын ішінара қанағаттандыру туралы шешім шығарды. Осылайша, ZapKaz REK ЖШС моральдық шығын үшін Аманжол Орынбекұлының анасына 30 миллион теңге төлеуге тиіс еді.
Сот үкімінен кейін Биғалиев "Мой город" редакциясына жүгініп, соттың мұндай шешімімен келіспейтінін және оны соттың біржақты шешім қабылдағанын айтты.
"Тоқаев айтқан "Әділетті Қазақстан" қайда қалды?! Үкім соттың мемлекет басшысының тапсырмаларына деген көзқарасын көрсетіп, Президент жарлығын азаматтардың сот жүйесі мен мемлекеттік билік институттарына деген сеніміне нұқсан келтіретін қарапайым "популизмге" айналдырды. Осылайша, бәрі жай ғана "бос сөз" және әдемі декларатив ұран болып қалды, басқа ештеңе емес. Айтайын дегенім, азаматтар тергеу мен соттың егжей-тегжейін толық білмейтіндіктен, мен үкімнің заңсыз екенін сендіре алмай келемін. Сонымен қатар, қоғамға лайық жаза қажет екенін түсінемін, мен қылмыс субъекті болып табыламын ба, менің іс-әрекетімде қылмыс құрамы бар ма, жоқ па ол маңызды емес", - дейді Бауыржан Биғалиев.
Биғалиев пен оның қорғаушысының айтуынша, ерекше құқықтық озбырлық және бұрын-соңды болмаған нәрсе - қылмыс субъектісі емес адамның сотталуы.
Тергеу барысында полицейлер оған кінәсін мойындатып, медиациялық келісім беруге үгіттегенін, кейін РЭС басшысы қызметін жалғастыра алады деп көндіргенін еске алады. Алайда Биғалиев бұған келіспеген, бұл қадағалаушы органның ашуын тудырған.
Сотталушы мен оның қорғаушысы Аманжолдың анасы Әсел Айтжанованың қайғылы оқиғаға өзінен басқасының барлығын кінәлап, жағдайды өзіне бұрмалап алғанын айтады.
"Төрт жасар баласы ауылдан 800 метр жерде қауіпті аймақта болып, кірпіш құйып, қосалқы станцияның қоршалған аймағына кіріп кеткенде анасы қайда болды?! Аналық міндетін неге орындамады?! Енді жағдайды өз жағына бұрмалап, аяушылық пен эмоцияға салып, қайғылы оқиға үшін мені айыптап, баланы саудаға айналдырды ма?! Ол кез келген сұраққа жылап жауап береді және қазір бәрі оған қарыз деп есептейді. Алайда Айтжанованы "аспаннан жерге" түсіріп, оның үйіне трансформатор өз аяғымен келмегенін, қараусыз қалған баланы "қадағалай" алмағанын еске салған жөн. Оның салғырттығы мен абайсыздығынан балаға қауіп төніп, ауыр жарақат алған. Бірақ қандай да бір себептермен ата-ананың да өз міндеттері бар болса да, мен ғана сотталдым", – дейді Биғалиев.
Үш баланың әкесі Биғалиев сотталып, жұмыссыз қалды. Өйткені сот оны үш жыл бойына энергетика саласында басшылық қызметтер атқаруға да тыйым салды. Енді ол адвокатымен бірге облыстық сотқа аппеляциялық шағым түсіріп, бірінші сатыдағы сот үкімі жойылады деп үміттенеді. Олай болмаған жағдайда, ол Жоғарғы сот пен Конституциялық сотқа шағымданып, тіпті сол жерде пикет ұйымдастырмақшы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек