Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында тоғызқұмалақ тақтасы алғаш рет ғарышқа ұшты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ішінде тастары бар тоғызқұмалақтың тақтасы алғаш рет стратосфера қабатына шығып, қайтадан жерге жеткізілді. Ақпаратты ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
9 қыркүйек күні сағат 09:09-да V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында тоғызқұмалақтан алғашқы ойындар басталды. Қатысушылардың бірінші жүрісі 9 ойыншыдан тұратын 9 үстелдік тақтада, 9-шы ұядан басталып, есептеу жылдамдығымен сайысқа түсті.
Осыған орай тоғызқұмалақ тақтасы ғарыш кеңістігіне шықты. Ресей ғарыш агенттігімен арадағы келісім негізінде ішінде тастары бар тақта алғаш рет Көшпенділер ойындары аясында стратосфера қабатына шығып, қайтадан жерге жеткізілді.
Бұл іс-шара үстел ойындарының жанкүйерлері үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін де маңызды жаңалық. Өйткені тоғызқұмалақ – ғарышта болған жалғыз үстел ойыны.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!