Әнші, композитор Ұлықпан Жолдасовтың ұлы Болат Жолдасов екінші рет шаңырақ көтеріп, сүйіктісін ұзатып алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде қызу талқыға түскен той Жолдасовтардың шаңырағында өтті. Екінші рет отау құрған Болат Жолдасов қалыңдығын Астана қаласынан ұзатып алды.
Жұлдызды отбасына келін болған Алтынай да музыка әлемінен алшақ емес. Ол кәсіби скрипкашы әрі қобызшы екен. Бір қызығы, құдаларды бастап әнші Нұрлан Өнербаев келген.
Той кезінде әнші Димаш Құдайберген арнайы құттықтау видеосын жолдаған.
Жаңа түскен келіннің бетін "жұғысты болсын" деп Димаштың анасы Света Айтбаеваға аштырған.
Айта кетейік, 2014 жылы Болат Жолдасов қарағандылық Дана есімді қызбен шаңырақ көтерген еді. Сәтсіз некеден кейін өнер иесі араға тоғыз жыл салып қайта отау құрды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!