Тоғыз алматылықты сан соқтырған алаяқ ұсталды

Алматы полициясы 9 азаматты сан соқтырған күдіктіні қолға түсірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алмалы аудандық полиция басқармасының мәліметінше, тергеудің қазіргі кезеңінде 31 жастағы Алматы тұрғыны 9 азаматты алдап кеткен. Олардың саны көп болуы мүмкін екендігін жоққа шығармаймыз.

"Жәбірленушілердің сөзінше, ер адам Қытайдан автокөліктер мен мопедтер әкелемін деп уәде беріп, тапсырыстың ақысын алып, өз міндеттемелерін орындамаған. Қазіргі уақытта объективті жағдайлар анықталып жатыр. Сонымен қатар күдіктінің қылмыстық әрекетінен зардап шегуі мүмкін басқа да азаматтарды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр", – дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз