Ақмола облысы прокуратурасы Щучинскте жарылыс болған дәмхана иесі ұсталғанын мәлімдеді. Жарылыс пен өрт салдарынын бірнеше адам қаза тапқан болатын, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Прокуратура мәліметінше, "Центр плова" дәмханасында болған өртке қатысты Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Қылмыстық істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр. 2 наурызда дәмхана иесі ұсталды", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, төтенше жағдай 26 ақпанда кешкі уақытта болған. Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге тіркелген бір қабатты дәмханада газ ауа қоспасы жарылып, өрт шыққан. Бұған дейін оқиға салдарынан 7 адам қаза тапқаны, оның бірі 16 жастағы қыз екені хабарланды. Кейін қаза тапқандар саны тоғызға жетті.
"Центр плова" дәмханасы жарылған сәт видеоға түсіп қалған.
Төтенше жағдай салдарынан 28 адам зардап шеккен.
Сонымен қатар, Щучинсктегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!