- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоғжанов Қызылорда облысы...
Тоғжанов Қызылорда облысы әкімінің қымбат сағаты туралы сұраққа жауап берді
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың журналистерден қашқан әрекеті туралы айтты, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.
"Ол түсініктеме берді емес пе. Менің ойымша, онымен сөйлесуге әлі көп мүмкіндік болады", - деп жауап берді Тоғжанов.
Вице-премьер облыс әкімдерінің қарапайымдылығына да тоқталды.
"Мұндай міндет бүкіл әкімге онсыз да қойылды. Өздерінің міндеті аясында барлық әкім осыны ұстанады деп ойлаймын", - деп қосты Тоғжанов.
Оның айтуынша, әкімнің мінез-құлқы үшін сөгіс жариялау мәселесі Президент Әкімшілігіне тиесілі.
Еске салайық, бұған дейін Желіде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Мәжіліс ғимаратынан асығыс шығып кеткені түсірілген видео тараған еді. Журналистер оған бірнеше сұрақ қоймақ болғанымен, әкім тоқтамаған. Кейінірек әкім журналистерге сағатының бағасы жайлы түсініктеме берген болатын.
Г. Досымшалова