- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Тоғали көке Пағижде...
"Тоғали көке Пағижде демалады". Фариза Төреәлі әкесінің туған күніне Францияға жолдама сыйлады
Бүгін танымал әнші Төреғали Төреәлінің әкесі Төренұр Төреәлінің туған күні. Ол төл мерекесін Алматыда жақындарымен атап өтті. Өнер иесінің қарындасы Фариза Төреәлі әкесі мен анасына Францияға жолдама сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Дархан мен Фаризаға алла разы болсын! Енді Тоғали көке Пағижде демалады", - деп жазған ол.
Сондай-ақ, Төренұр Төреәлінің өзі де әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.
"Бүгін менің туған күнім, ең үлкен бар байлығым бала-шағам, немерелерім, жақындарыммен тойлауды нәсіп етті Аллаға шүкір! Парижге әжесімен бірге баруға жолдама Дара қызымнан. Дастарханымыз қуанышты күннен жиылмасын, сіздерге де жұғысты болсын!, - деп жазды ол.
View this post on Instagram
Желі қолданушылары оны туған күнімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірген.
"Алла екі өмірдің бақытына бөлесін. Бар жақсылықты тілеймін", "Бар жақсыға лайықсыздар", "Ұзақ ғұмыр тілеймін", "Жаңа жасыңыз құтты болсын! Ұрпағыңызбен мың жасаңыз!", "Туған күніңіз құтты болсын, Төке аға. Аягөз апамен бақытты қарттыққа жетіңіздер", - деп пікір қалдырған олар.
Тағы да оқи отырыңыздар: Апта сайын моншаға баруға бола ма?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә