- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тобыл өзеніне батып...
Тобыл өзеніне батып кеткен бала бір тәуліктен бері іздестіріліп жатыр
Қостанай облысында сегіз жасар баланы бір тәуліктен бері іздестіріп жатыр. Ол Тобыл өзеніне батып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бейімбет Майлин ауданына қарасты Козыревка ауылында бала мен ер адам Тобыл өзені арқылы топырақ жағалаудан өтіп бара жатқан. Екеуі абайсызда суға түсіп кеткен.
"Ер адам судан өз бетімен шықты. Ұл баланы ағыс ағызып кетті. Баланы іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары, сондай-ақ жүзу құралдары мен ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды", - деп хабарлады ведомство.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан