Қостанайлық "Тобыл" өз стадионындағы жанкүйерлер саны бойынша рекорд орнатты, - деп хабарлайды KazFootball.kz.
Бұл рекорд Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінің "Ференцварошқа" қарсы алғашқы ойынында тіркелді. Қостанайдағы ойынға 8 420 жанкүйер келген екен.
Бұған дейін рекорд 2009 жылы тіркелген болатын. Ол кезде түркиялық "Галатасарай" командасына қарсы өткен ойынды 8 320 көрермен тамашалаған болатын.
Ал ойынның өзі 0:0 есебімен аяқталды. Қарымта кездесу 13 шілдеде Будапешт қаласында өтеді.