Қостанайда Тобыл арнасынан асты. Алдымен жағалауды, одан кейін теннис орталығын және 80-ге жуық көшені су басты. Су тасуына байланысты екі көпір жабылды, қазір Қостанай мен Тобылды тек орталық көпір байланыстырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қала әкімі Марат Жүндібаев Қостанайда су тасқыны шегіне жеткенін, бірақ қайтуы туралы айтуға әлі ерте екенін айтады.
"Үш бағбандық қоғамды, теннис орталығын, демалыс орталығын және "Апельсин" сауда үйін су басты. 6-7 көше (бұл жағалаудағы үйлер) көшірілді. Барлығы 745 адам эвакуацияланды, 31 адам эвакуациялау пункттерінде. 80-ге жуық үйді су басты, зардап шеккендер жоқ. Жағалауды қарама-қарсы жағамен байланыстыратын үш көпірдің екеуі жұмыс істемейді, онда қауіпті тасқын бар. Біреуі ашық - Тобыл мен Қостанайды байланыстыратын көпір", - деп хабарлайды әкім.
Бірақ орталық көпір де жабылып қалуы мүмкін, су әлі де келіп жатыр және толып кету қаупі бар. Сондықтан бүгінде бар күш-жігер судың толып кетпеуі үшін жағалауды нығайтуға жұмсалатыны айтылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!