Жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира оқыс оқиғаға тап болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы әнші Жазира Байырбекова өзінің Іnstagram парақшасына жариялап, бірақ артынша жазбаны өшіріп тастады.
"Кеше түнде, таңғы 3-4 шамасында Жаркенттен қайтар жолда Шелекке жақын көпірдің астынан көлікпен өте бергенде төбемізден оқ атылды. Көбіне төбесін ашып қоятын едім, қайта дәл сол сәтте жауып қойғанмын. Әйтпесе басыма тиетіні анық. Люк шашылып қалды. Өзіміз аманбыз, шүкір! Қап қараңғы, ештеңе көре алмадық. Түнде жүрмеуге тырысыңыздар. Кімдер, не үшін түк түсінбедік", - деп жазды ол.
Жазбаны оқып, пікір қалдырған желі қолданушылары әншіге амандық тілеп, алаңдаушылық білдірді.
"Сұмдық қой", "Қалай ол, камера, полиция қайда?", "Оп-оңай қару ұстап, атып журе беретін кімдер?", "Алла жар болсын! Аман болыңыздар! Ең сүйіп тыңдайтын әншілерім осы кісілер", - деп жазды олар.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз