Ғалымжан Ниязов Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысындағы Маңғыстау ауданының бұрынғы әкімі Тілек Қошмағанбетов тұрғын үй кешендерінің бірінің күзетшісін ұрды деген ақпарат тарады. Облыс әкімдігі өкілдері бұған қатысты пікір білдірді.
Төбелес видеоға түсіп қалған. Оның кадрларынан галстук таққан ер адам жанжал шығарып, екінші бір ер адамды ұрғанын байқауға болады. Видео кейіпкері оны сүйрелеп, бетінен жұдырықпен ұрған. Кейін жанжалды тоқтатпақ болған тағы бір жігітке соққы тиген.
Бүгін, 16 қыркүйекте Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев депутаттарға өз еркімен жұмыстан шығуға өтініш берген тілек Қошмағамбетовтың орнына жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынды.
Әкім қызметіне жаңа кандидат Ғалымжан Ниязов болды, оның кандидатурасы ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілді.
Ғалымжан Ниязов Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық политехникалық университетін "Полиграфиялық машиналар және автоматтандырылған кешендер" мамандығы бойынша бітірген, сондай-ақ Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің "Өнеркәсіптік, азаматтық құрылыс және қала шаруашылығы" мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1990 жылы Шевченко қаласының АТП-1-де бастаған. 1991 жылдан 2002 жылға дейін мұнай және құрылыс саласындағы бірқатар коммерциялық ұйымды басқарды.
2002-2006 жылдары - "Құрылысконсалтинг "Ұлттық орталығы" АҚ Маңғыстау облыстық филиалының өндіріс бас менеджері, лицензиялық құжаттардың аудиті және сараптамасы бөлімінің жетекші маманы.
2006-2008 жылдары - Маңғыстау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы лицензия бөлімінің бас маманы.
2008 жылдан 2012 жылға дейін Маңғыстау облысы құрылыс бөлімінің бас маманы, Мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы, құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2012-2013 жылдары Қызылорда облысының құрылыс бөлімінің басшысы, құрылыс басқармасы басшысының орынбасары.
2014-2016 жылдары Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы.
2016 жылдан 2017 жылға дейін - "СҚ Фармация" ЖШС департамент директоры.
2017 жылдан 2020 жылға дейін Ақтау қаласының әкімі.
2020 жылдың маусым айынан бүгінге дейін - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болған.
Депутаттар ұсынылған кандидатураны мақұлдап, Ғалымжан Ниязовты тәжірибелі басқарушы ретінде білетіндерін атап өтті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!