Қарағандыдағы "Сити Молл" сауда үйінде эскалатордан белгісіз біреу теуіп жібергеннен кейін ұшып түсіп, құлаған 25 жастағы жігіт оқиға қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасап.
11 сәуірде зардап шеккен 25 жастағы жігіт City Mall сауда орталығына шаштаразға келген. Оның алдында дәретханаға кірген. Сол жерде екі ер адам (зардап шеккен жігітті теуіп жіберген ер адам мен басқа адам) сөзге келіспей қалған екен. Бастапқыда сөзге келіспей, артынша төбелеске дейін ұласқан.
Зардап шеккен жігіт олардың жанжалына араласқысы келмеген. Алайда ол дәретханадан шыққаннан кейін жанжалдасқан ер адамның бірі оның артынан аңди бастағанын байқаған.
"Артымнан ер адам бірге шықты. Adidas-тың жанында тоқтадым. Ол маған шап беріп, төбелесіп қалдық. Аяғынан шалып, жерге құлаттым. Сосын ол мені біреумен шатастырып алғанын айтты. Мен оны жіберіп, екеуіміз екі жаққа кеттік. Сөйтіп, эскалатормен түсіп бара жатқанмын. Әлгі жігіт артымнан келіп, мені теуіп жіберді. Қайта лезде әрекет етіп, эскалатордан түскен бойда ғана құлап түстім", - дейді зардап шеккен жігіт.
Осылайша, ер адам есінен танып қалған. Ол эскалаторда лезде ойланып үлгергенінің арқасында ауыр жарақат алмаған. Зардап шеккен жігіт басын қатты ұрып алған. Миы шайқалмаған, бірақ ерні жыртылып, тісіне зақым келген.
"Ернім әлі жазылып үлгермеді. Төменгі жағым кішкене ауырып, тісім сынған. Тіс дәрігеріне баруға тура келеді. Биіктен ұшып құлап, кафельге түскендіктен денем көгеріп қалған. Басында әрине, қатты таңғалдым. Бірақ қазір бәрі дұрыс. Ол ер адам ұсталды. Тергеу жүріп жатыр екен. Арыз жаздым, ары қарай заң шешеді. Полициядағылар маған ол ер адам 2009 жылдан бері психоневрологиялық диспансерде тіркелгенін айтты. Мен аман-саумын, жазылып келе жатырмын. Ол адамды жеке танымаймын, ешқашан көрген емеспін", - дейді зардап шеккен жігіт.
Айта кетейік, Қарағанды облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 31 жастағы ер адам ұсталды. Ол нейропсихиатриялық диспансерде орналасқан. "Бұзақылық" бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, жағаұстатар видео Instagram-дағы karaganda.city парақшасында пайда болды. Полицейлер күдіктіні қолға түсірді.
Зардап шеккен 25 жастағы Қарағанды тұрғынына дене жарақаттарын келтіру дерегіне байланысты ҚР ҚК 293-бабы 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Полиция қызметкерлері бұрын психиаторлық есепте тұрған 31 жастағы азаматты ұстады. Ол облыстық психоневрологиялық диспансеріне орналастырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!