ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары бейресми кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдер басшыларының кездесуіне Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Ресей президенті Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.

ТМД басшылары өзара ынтымақтастықтың негізгі даму бағдары мен қадамдарын талқылады.

Сондай-ақ, Ұйым аясындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз