- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ТМД елдерінің ішкі...
ТМД елдерінің ішкі істер министрлері Минскіде жиналды
Минскіде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ішкі істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сілтеме жасап.
Іс-шараға Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан ішкі істер министрліктерінің, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің, ТМД-дағы ұйымдасқан қылмысқа және қылмыстың өзге де қауіпті түрлеріне қарсы күресті үйлестіру бюросының және ТМД-дағы терроризмге қарсы орталығының өкілдері қатысты. Қазақстандық делегацияны ішкі істер министрі Ержан Сәденов басқарды.
Фото: polisia.kz
Былтыр Қазақстан ІІМ кеңеске төрағалық етті. Отырыс барысында Ержан Сәденов әріптестеріне Түркістанда өткен отырыста қабылданған шешімдердің орындалуы туралы хабардар етті. Іздестіру жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру, ұйымдасқан қылмысқа, есірткі бизнесіне және киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігі деңгейін арттыру және теміржол көлігі объектілерінде шаралар айтылды.
ТМД елдері ІІМ қызметінің нақты бағыттары бойынша ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә