Global Firepower рейтингіне сәйкес, 2022 жылы Өзбекстан әскері Орталық Азиядағы ең қуатты әскер болды. Бұл бірінші рет емес. Кейінгі бірнеше жыл ішінде Өзбекстан көшбасшы бола бастады, одан кейін Қазақстан тұр, - деп хабарлайды Finprom.kz.
Әскер ұлтты, ұлттық мүддені қорғау және әскери міндеттерді орындау үшін керек. Орталық Азия елдерінің арасында, әсіресе, Қырғызстан мен Тәжікстан арасында әлі де шекарада шиеленіс бар.
Қалыптасқан жағдай Global Firepower ұсынатын кейінгі деректерге сәйкес Орталық Азия елдерінің әскери қуатын қайта қарауды және бағалауды талап етеді. Бұл халықаралық ұйым әр елдің құрлықта, теңізде және ауада соғысуға қабілетін бағалайды.
Рейтингке сәйкес, Орталық Азияның бес елі 142 орынның ішінде 55 пен 111-орындар арасында орналасқан. Биыл АҚШ әскері ең күшті деп танылған, ал Исландия соңғы орынға ие болған. Исландияда тұрақты әскер жоқ. Оған себеп - бұл мемлекеттің халқы қарулы күштерге ие болу үшін тым аз (шамамен 360 мың адам). Сонымен қатар, ел барлық жағынан сумен қоршалған және НАТО-ға кіреді, бұл оны қорғайды.
Global Firepower индексі қаржылық көрсеткіштерден бастап логистикалық мүмкіндіктер мен географияға дейін 50-ден аса факторды пайдаланады. Индекс неғұрлым аз болса, елдің теориялық жауынгерлік әлеуеті соғұрлым күшті болады. Рейтинг ядролық қаруды ескермейді.
Орталық Азияда Өзбекстан аз инвестициямен ең жоғары нәтиже көрсетіп отыр. Бүгінде Қазақстан ең үлкен қорғаныс бюджетіне ие, шамамен 3,9 миллиард доллар болады. Бұл Өзбекстанға қарағанда, шамамен 5,6 есе көп, оның бюджеті небары - 693 миллион доллар. Сонымен қатар, Қазақстанның рейтингтегі орны Өзбекстаннан тоғыз орынға төмен. Тәжікстанда 407 миллион, Қырғызстанда 116 миллион және Түрікменстанда 90 миллион қаржы Қарулы Күштерді ұстауға бөлінеді.
Әскери қызметшілердің саны бойынша Қазақстан Өзбекстаннан 12 мың адамға артық. Бұл айырмашылық шамамен Тәжікстандағы әскери қызметшілердің жалпы санына тең (онда 15 мың адам).
Әскер күші әуе, құрлық және әскери-теңіз күштерінің саны бойынша да бағаланады. Әскери-теңіз күштері Орталық Азияның екі елінде - Қазақстан мен Түрікменстанда бар. Дәл осы мемлекеттер Каспий теңізіне шыға алады. Екі елдің әскери-теңіз күштері патруль кемелерінен тұрады. Қазақстанда олардың 15-і бар, олардың екеуі - минаға қарсы қорғаныс кемелері. Түрікменстанда 25 патруль бар.
Әуе күштеріне келетін болсақ, Қазақстанда көптеген әскери көлік бар. Өзбекстандағы сияқты тікұшақтар, шабуылдаушылар, истребительдер мен ұшақтар да бар. Global Firepower мәліметтері бойынша Қырғызстан әуе күштерінде тек алты тікұшақ бар.
Сонымен қатар, Түрікменстан құрлық әскерлері көліктерінің саны бойынша көш бастап келеді, онда 3,4 мың техника бар. Қазақстанға қарағанда 23 пайызға және Өзбекстанға қарағанда 44 пайызға артық.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!