- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ТМД елдері жемқорларды...
ТМД елдері жемқорларды беруге келісті
ТМД-ға мүше мемлекеттер жемқорларды беру туралы келісімге келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26 қазанда бейнеконференция форматында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекетаралық кеңестің жетінші отырысы өткен, оның құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді. Қазақстан биыл кеңеске төрағалық етеді.
Ал 14 қазанда Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық еткен ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кезекті отырысы өткен еді. Осы отырыс шеңберінде мемлекет басшылары ТМД елдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойған болатын. Бұл құжат 2008 жылы әзірленіп, 2022 жылы тараптар түпкілікті редакциясына және қол қою туралы келісімге келген.
Келісімнің қолданылуы сыбайлас жемқорлық туралы қылмыстық істер бойынша жәрдем көрсетуге; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге ықпал ететін үйлестірілген және келісілген іздестіру іс-шараларын және басқа да шараларды жүргізуге мүмкіндік береді. Соның ішінде:
- сыбайлас жемқорлық туралы қылмыстық істер бойынша жәрдем көрсетіледі;
- сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша үйлестірілген және келісілген жедел-іздестіру, жедел-профилактикалық іс-шаралар және арнайы операциялар жүргізіледі;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды іздестіру, ұстау және ұстап беру, сыбайлас жемқорлықтан түскен кірістерді қайтару саласында ынтымақтастық жүзеге асырылады;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында ақпараттық жүйелер құрылады және пайдаланылады;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық стратегиялары, бағдарламалары мен жоспарлары әзірленеді;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерін алмасу жүзеге асырылады;
- кадрлардың біліктілігі арттырылады және т.б. жүзеге асырылады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова