- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тілімді алмады: анасы...
Тілімді алмады: анасы мен өгей әкесі 7 жастағы қызды соққыға жыққан
Петропавлда анасы мен өгей әкесі 7 жастағы қызды соққыға жыққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.
Сынып оқушысының дене жарақатын мектептегі медицина қызметкері байқап, полицияға хабарлапты. Олар бала тіл алмағандықтан осындай амалға барғанын айтып, кінәcін мойындады.
"Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру" бойынша Петропавл қаласы Полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Істің барлық мән-жайын зерделеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, оның нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады", - деді СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина