- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тілегі қабыл болған...
Тілегі қабыл болған "Қыз әулие" жайлы не білеміз?
Тараздың батысында 30 шақырым жерде "Қыз әулие" кесенесінің туристерді қызықтыратындай тарихы бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ертеде жоңғарлар Құмтиын ауылын шауып, бір үйлі ағайындылардың басын алып, жалғыз қарындастарын күңдікке алмақ болыпты. Жат жерде күң болғанша, ағаларының жолын құшуды ойлап, Алладан өзін "тас мүсінге айналдырып, елде қалдыра гөр" деп тілепті. Қыздың тілегі қабыл болып, отырған жерінде тасқа айналған деседі көнекөз қариялар.
"Кейін халық сол жерге күмбезді кесене көтеріп, тас мүсінді "Қыз әулие" атап кетіпті. Кесене жеті бұрышты архитектуралық үлгіде салынған. Оның мәні – жау қолынан шейіт болған жеті ағайындыға арнап шырақ жағу үшін тұрғызылған", дейді тарихшылар.
Кесене Жамбыл ауданындағы Құмтиын ауылының батыс жақ бетінде 500 метр жерде орналасқан. Тас жолдың бойындағы кесене туралы бүгінге дейін ғылыми зерттеулер жүргізілмеген. Деректерді өлкетанушылар ауылдағы ел аузында қалған әңгімелердің негізінде жинаған. Жеті бұрышынан басқа кесене қабырғаларының биіктігі 2,5 метрді құрайды. ІХ-ХІІ ғасырларда Тараз шаһараның батысында Дех-Нуджекес, Адахкент қалалары болған деген дерек бар. Қалалардың орны күні бүгінге дейін сақталған.
Адахкент қаласының орталық аумағында "Қыз әулие" кесенесі орналасқан.
А.Сырымбет
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Қ. Әбілдәқызы