Тікелей эфирден басталған: Қостанайда қыздар арасындағы төбелес видеоға түсіп қалды

Тікелей эфирден басталған: Қостанайда қыздар арасындағы төбелес видеоға түсіп қалды
Фото: Видео кадры

Қостанайда қыздар арасында болған төбелес видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

15 сәуірде 102 пультіне Қостанайда төбелес болғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері барлығын ұстап, полиция бөліміне жеткізген.

"Алдын ала мәлімет бойынша екі қыз арасындағы жанжал әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде басталған. Мән-жайды анықтау барысы жеке кездесу кезінде жалғасып, төбелеске ұласқан. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Қостанай облысы ПД өкілі.

Тергеу нәтижесі бойынша әрбір қатысушының әрекетіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданбақ. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget