- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тікелей эфирде қазақ...
Тікелей эфирде қазақ тілін "мамбетский" деген тұрғынға қатысты тергеу жүріп жатыр
Тікелей эфирде қазақ тілін "мамбетский" тіл деген тұрғынға қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Telegram-арналардың бірінде қазақ тіліне қатысты ойын тікелей эфирде айтып отырған тұрғынның видеосы тарады.
"Мамбетский тіл, шыны керек. Ауылдан келген "мамбеттер" де жыныма тиеді. Солардың кесірінен Алматыда кептеліс көп. (...) Білмеймін, маған қазақ тілі ұнамайды, шынымды айтсам", - дейді тұрғын.
Алматының Полиция департаменті бұл дерекке қатысты пікір білдірді.
"Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 174-бабы (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қажет шаралар қабылданады", - дейді ПД өкілдері.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина