Тікелей эфирде жыныс мүшесін көрсеткен: Көкшетауда TikTok стример ұсталды

Тікелей эфирде жыныс мүшесін көрсеткен: Көкшетауда TikTok стример ұсталды
Фото: Видео кадры

Көкшетау қаласында TikTok стример тікелей эфирде әдепсіз әрекет көрсетіп, балағат сөз айтқаны үшін 30 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желіні бақылау барысында TikTok желісіндегі тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтылғанын, әдепсіз әрекет көрсетілгенін анықтаған.

"45 жастағы стример С. стрим кезінде бірнеше рет балағат сөз айтып, ұятсыз әрекет көрсеткені анықталды. Эфирді өткізу кезінде оны жүздеген қолданушы қараған", - деп жазылған Ақмола облысы ПД хабарламасында.

Ол сот шешімімен 30 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget