Тікелей эфирде балағат сөздер айтқан Павлодар облысының тұрғынына айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ТikToк әлеуметтік желісінің мониторингі барысында полиция Новоямышево ауылының тұрғыны тікелей эфирге шығып, онда дөрекі және әдепсіз сөздерді қолданған.
"Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 25 жастағы құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Материал сотта қаралды, қаулы бойынша ауыл тұрғыны 10 АЕК (34 500 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Павлодар ауданы полиция бөлімінің бастығы Дулат Төкенов.
Polisia.kz мәліметінше, жыл басынан бері Павлодар полицейлері 140-қа жуық ұсақ бұзақылық фактілерінің жолын кескен, онда өңір тұрғындары заңға немқұрайды қарап, қоғамдық тәртіп пен басқа азаматтардың тыныштығын бұзған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!