Тікелей эфирді 12 мың адам көрген: Семейде 53 жастағы тиктокер қамауға алынды

Абай облысында полицейлер мониторинг барысында TikTok желісіндегі тікелей эфирді анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ІІМ мәліметінше, эфир барысында әйел адам былапыт сөздер айтып, ішімдік ішіп отырғанын әдейі көрсеткен және айналасындағыларға құрметсіздік танытқан.

Тікелей эфирді шамамен 12 мың адам көрген. Полиция қызметкерлері құқықбұзушылық жасаған әйелді анықтады. Ол Семей қаласының 53 жастағы тұрғыны болып шықты.

"Сот әйелді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, жасына байланысты бес тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады", - деп жазылған хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!