- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ТЖМ су тасқынына...
ТЖМ су тасқынына дайын ба? Министр жауап берді
Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әрінов елімізде су тасқынына дайындық қалай жүргізіліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкімет отырысында Олжас Бектенов «Шыңғыс Сайранұлы, егер (су тасқынына қатысты) ахуал күрт нашарлап кетсе, қандай шұғыл шаралар қабылдайсыздар? Жоспар бар ма?» деп сұрақ қойды.
Төтенше жағдай министрі «дайынбыз» деп сұраққа сенімді жауап берді.
"Жоспар бар. " Көктем " оқу-жаттығу аясында бәрі тексерілді. 39 мың адам, 11 мыңға жуық техника, 400-ден аса жүзу құралы, 18 тікұшақ және 3 мыңнан аса мотопомпа дайын. Мұның бәрі тез жұмылдырылады. Сондай-ақ менің тарапымнан өңірлердегі төтенше жағдайлар департамент басшыларына тиісті құзырет берілген. Олар тез арада ешқандай бюракратиясыз, келісімсіз шешім қабылдай алады. Министрлік тарапынан тиісті координация іске асырылады", - деді Шыңғыс Әрінов.
Үкімет басшысы ТЖМ-ді кез келген жағдайға дайын болуға шақырды.
Аяз Есен
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz