Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны қаупі бар аймақтарға аэровизуалды тексеріс жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңірлерде 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасып жатыр.
"Жұмыс қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға ұсыныстар берілді, олардың шешімі су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда су тасқыны енді ғарыштан бақылануы мүмкін екені хабарланды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз