- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ТЖМ өкілдері Түркияда...
ТЖМ өкілдері Түркияда құтқару жұмыстары қалай жүргізілетінін айтты
Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Түркияда құтқару жұмыстары қалай жүргізілетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күлшімбаевтың сөзінше, Президенттің тапсырмасы және Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен арнайы топ Түркияға құтқару операцияларын ұйымдастыру үшін шықты.
"Топта 41 құтқарушы бар. Оның ішінде дәрігерлер де бар. Арнайы қызметтік құралдармен топты жабдықтадық. Арнайы ұшаққа автокөлік техникасын артып, қажет құралдар салынды. Барғаннан кейін 14 күнге дейін автономды түрде жұмыс істеуге дайынбыз. Ол үшін тамақ, дәрі-дәрмекті алып бара жатырмыз. Барған кезде ҚР елшілігі қарастырып, қай жерден жұмыс істеуді бастау керегін түсіндіреді", - дейді Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев.
Еске салайық, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанмен сөйлесіп, Қазақстаннан көмектесуге дәрігерлер мен құтқарушылар баратынын айтқан болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина