ТЖМ құтқарушылары Қытай азаматтарын аман алып қалды

ТЖМ құтқарушылары Қытай азаматтарын қар құрсауынан құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін Қарағанды облысының 112 қызметіне қар құрсауында қалып, өз бетінше шыға алмай жатқан ҚХР-дың екі азаматы туралы хабарлама келіп түсті.

Сапарды қысқартуға ұмтылып, тасжолдан бұрған ер адамдарды құтқарушылар Қарқаралы ауданының Аққора ауылынан 15 шақырым жерде тапты.

Автокөлік тасжолға сүйретіліп, аудан орталығына дейін жеткізілді. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет емес еді.

ТЖМ ауа райының қолайсыздығында тек үлкен тасжолдармен жүру керек екенін еске салады. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!