Бір тәулік ішінде Ақкөл, Зеренді, Шортанды, Есіл, Астрахань және Атбасар аудандарында құрғақ шөп пен қамыс өртенді. Өрт 33 гектар аумақты шарпыды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың, ерікті өрт сөндіру құрылымдарының және "Қазавиаорманқорғау" бірлескен күштері мен құралдарының арқасында 6 ауданда өрт ауыздықталды.
Зардап шеккендер жоқ, сондай-ақ елді мекендерге қауіп болған жоқ.
"Барлық факті бойынша халықтың отты абайсыз пайдалануы себеп болды, атап айтқанда, төмен калориялы тұтану көзі, яғни сіріңке немесе сөндірілмеген темекі", – деп хабарлады министрлік.
Ведомство азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертті.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!