- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ТЖМ құтқарушылары бір...
ТЖМ құтқарушылары бір күнде Ақмола облысының алты ауданында табиғи өртті сөндірді
Бір тәулік ішінде Ақкөл, Зеренді, Шортанды, Есіл, Астрахань және Атбасар аудандарында құрғақ шөп пен қамыс өртенді. Өрт 33 гектар аумақты шарпыды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың, ерікті өрт сөндіру құрылымдарының және "Қазавиаорманқорғау" бірлескен күштері мен құралдарының арқасында 6 ауданда өрт ауыздықталды.
Зардап шеккендер жоқ, сондай-ақ елді мекендерге қауіп болған жоқ.
"Барлық факті бойынша халықтың отты абайсыз пайдалануы себеп болды, атап айтқанда, төмен калориялы тұтану көзі, яғни сіріңке немесе сөндірілмеген темекі", – деп хабарлады министрлік.
Ведомство азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертті.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан