ТЖМ құтқарушылары 54 өзбекстандықты эвакуациялады

ТЖМ құтқарушылары 54 өзбекстандықты эвакуациялады
Фото: Видео кадры

ТЖМ құтқарушылары 54 шетел азаматын эвакуациялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтөбе облысы жол жабылып, салдарынан автобустар тоқтады. Хромтау қаласының блок-бекетінің маңында жолаушылар қалып қойды.

Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, автобустан барлық азаматы эвакуациялап, жақын жылыту пунктіне жеткізді.

Барлық 54 адам Өзбекстан Республикасының азаматтары болып шықты. Ешкімге медициналық көмек қажет болған жоқ.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget