ТЖМ құтқарушылары 40 адамды эвакуациялады

Бүгін 112 пультіне Қарағанды облысы Шет ауданынан бірнеше шақырым жерде автобус сынып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дереу шақырту орнына жөнелген құтқарушылар автобуста Казақстан мен Өзбекстан азаматтары - жалпы 40 адамның бар екенін анықтады. 

ТЖМ қызметкерлері барлығын Ақсу-Аюлы ауылына эвакуациялады. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласыңыз. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!