ТЖМ Костенко шахтасындағы іздеу жұмыстарына кедергі келтіріп жатқан жайттарды атады

ТЖМ Костенко шахтасындағы іздеу жұмыстарына кедергі келтіріп жатқан жайттарды атады
Фото: Tengrinews.kz

ТЖМ Костенко шахтасындағы іздеу жұмыстарына кедергі келтіріп жатқан жайттарды атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомствоның хабарлауынша, Костенко шахтасында авариялық-құтқару жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Тау-кен құтқару бөлімшелері барлық қажетті іс-шараларды ауысыммен жасап жатыр.

"Жұмыстар тәулік бойы екі өндіру учаскесінде жүргізіліп жатыр.  Тау-кен құтқарушыларының күштері кеншілерді іздеуге шоғырландырылған. Электр энергиясының жетіспеушілігі, тау-кен жұмыстарының көптігі, жеке су басқан қазбаларға қолжетімділіктің болмауы, көптеген бұзылған механизм мен құрылыстың болуы қиындық туғызып жатыр", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, қаза тапқандардың денелерін жер бетіне шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Апат орнында ашық жану ошақтары жоқ.

Жедел желі телефондары үздіксіз жұмыс істеп тұр, барлығы 400-ге жуық қоңырау келіп түсті. 20 психолог шұғыл психологиялық көмек көрсетіп жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан