- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Құтқарушылар ескертуі
ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады
Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазгидромет" болжамдарына сәйкес, ауа райы нашарлайды: қатты жауын-шашын, ауа температурасының төмендеуі, желдің күшеюі, боран, көктайғақ, тұман.
ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді:
"Дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар. Ауа райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін "Қазгидромет" қарашада бір ай бойы қатты жел, бұрқасын, көктайғақ және тұман күтілетінін болжаған болатын.
Аязды ауа райы айдың екінші жартысында болжанады. Суық ауа массалары енген кезде термометрлердің бағандары ең суық күндерде төмендейді:
- республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнгі уақытта -15-24°С дейін, күндіз -7-12°С дейін;
- батыста және елдің оңтүстік жартысында түнде -3-15°С дейін, күндіз 0,-7°С дейін.
Суық күндердің орнына Орта Азия мен Жерорта теңізінен жылы ауа массаларының келуі әсерінен күндіз жылынады:
- республиканың көп бөлігінде +3+8°С дейін;
- оңтүстік жартысында +8+15°С дейін.
Жалпы, қарашада ауа температурасы республиканың басым бөлігінде норма шамасында (нормалар қосымшада келтірілген), қиыр батыста – 1° нормадан жоғары, елдің оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда – 1° нормадан төмен болады деп күтілуде (Түркістан, Жетісу облысы, Шығыс Қазақстан, Абай облысында, Жамбыл және Алматы облыстарының оңтүстігінде).
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина