- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ТЖМ қазақстандықтарға ескерту...
ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады
ТЖМ тауға серуендеуді жоспарлаған қазақстандықтарға қауіпсіздік шараларын сақтау қажет екенін ескертіп, үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігі туристерге қауіп-қатерден аулақ болуға және олардың өмірін сақтауға көмектесетін бірқатар ұсыныстарды жариялады:
- Маршрутыңызды егжей-тегжейлі зерттеңіз.
- Сел қаупі бар жерлерден аулақ болыңыз, әсіресе жаңбырдан кейін.
- Жақындап келе жатқан сел ағынының шуын естігеннен кейін бірден 50-100 метр жоғары көтерілу керек.
Бұл ретте ұзақ қашықтыққа гүрілдеген ағыны селдің өмірге қауіп төндіретін үлкен салмақты тастардың ұшыратуы мүмкін екені есте сақтаңыз.
Әрқашан есіңізде болсын, сел ағынынан тек қашу арқылы құтылуға болады. 112 бірыңғай нөмірінен ескертулерді қадағалаңыз, сел қаупі төнген жағдайда тауға баруды кейінге қалдырыңыз.
"Осы шараларды қолдана отырып, сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтай аласыз", - делінген ТЖМ хабарламасында.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина