- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ТЖМ азаматтарға маңызды...
ТЖМ азаматтарға маңызды ескерту жасады
Фото:
pixabay.com
Төтенше жағдайлар министрлігі жаз мезгілі суға шомылу маусымы болуына байланысты азаматтарға қауіпсіздік ережелерін ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
- Балаңызға судағы қауіпсіздік ережелері туралы айтыңыз;
- Шомылуға тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;
- Тереңдігі белгісіз суға сүңгуге болмайды;
- Қалқымалардан аса жүзуге болмайды;
- Мас күйінде суға түспеңіз;
- Су көліктеріне жақын жүзбеңіз.
"ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды!" - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Абай облысында суға батып бара жатқан әйел құтқарылғаны хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова