Атырау облысында қамыстан шыққан өртті батпақты жерлерге жету қиын болғандықтан сөндіру қиынға соғып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сағат 18.00-дегі жағдай бойынша, аэровизуалды тексеруден кейін қабылданған шаралардың арқасында жану аумағы 40 га төмендегені анықталды.
Бұл ретте тұтанудың жалпы алаңын жергілікті атқарушы органдардың құзыретті қызметтері анықтайды. Өрт ошақтарын сөндіру МИ-8 тікұшағымен жүзеге асырылып жатыр.
Қазіргі уақытта көлемі 60 тоннаға жуық су төгілді.
Еске салайық, бұған дейін Атырауда қамыс өртеніп жатқаны хабарланған болатын. Өрт 7 шілдеге қараған түні шыққан. Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы, полковник Асқат Ержановтың басшылығымен және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен құралған комиссия мүшелері Каспий теңізінің жағалауында 15 шақырым радиуста аэровизуалды тексеріс жүргізді. Жүргізілген әуеден барлау нәтижесінде өрттің шамамен 5 гектар аумақты алып жатқаны анықталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!