ТЖД аптапқа байланысты алматылықтарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Қазгидромет" РМК №7 ескертуіне сәйкес 17 шілдеде Алматыда 36 градусқа дейін ыстық болуы мүмкін.
Ыстық ауа райы жүрек-қан тамыры аурулары, артериялық гипертониясы бар, сондай-ақ, инфаркт пен инсультке шалдыққан адамдар үшін қауіпті. Серуен мен шамадан тыс физикалық белсенділіктен шектеліңіз.
Дәрігердің нұсқаулығын орындап, берілген дәрі-дәрмектерді уақтылы қабылдау қажет. Артериялық гипертониямен ауыратын адамдар қан қысымын үнемі қадағалап отыруы керек", - деді ТЖД өкілдері.
Олар қала тұрғындары мен қонақтарын күн өтіп кетпес үшін серуендеуден аулақ болуға шақырды.