ТЖД ауа райына байланысты алматылықтарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, Алматының таулы аудандарында және оның іргелес аумақтарында жауын-шашын жалғасуына байланысты қатты ағын, өзендердегі су деңгейі көтерілуі, су басу жағдайлары күтіледі.
"Сел тасқынына қалып қалған жағдайда құтқаруға мүмкіндік жоқ. Сел тасқыны қаупіне байланысты Іле-Алатау тауларына бармауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
ТЖД сел қауіп барі жерлерде қандай іс-әрекет жасау керек екенін жариялады:
-таудағы жағдай туралы бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын үнемі қадағалап отыру;
- егер қауіп төнсе, немесе кенет сел болса, рельефтің ең биік нүктесіне көтеріліңіз;
-демалуға тоқтамаңыз және сел қауіпті каналдардың жанында, көл көпірлерінде (бөгеттерде) және олардың астында лагерьлер құрмаңыз.
"Естеріңізде болсын, сел ағынына түскен адамды құтқару мүмкін емес, сондықтан оған жақындамаңыздар!" - делінген ТЖД ескертуінде.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!