Алматы облысының құтқарушылары қар көшкініне байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ТЖД ақпаратына сүйенсек, Алматы облысының тауларында 2 мен 5 желтоқсан аралығында көшкін қаупі сақталады.
Іле Алатауының оңтүстік беткейінде, Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында көшкін қаупі бар 55 учаске тіркелген.
"ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды. Қар көшкінінің түсуі температура жоғарылауына және жаңбыр, қар мол жаууына байланысты болады", - деді құтқарушылар.
Еске салайық, бұған дейін Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қар көшкіні болуы мүмкін екені хабарланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз