Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
8 сәуірдегі №07 "Қазгидромет" РМК ескертуі негізінде 9-10 сәуір аралығында қатты жауын-шашын жауады деген болжам бар.
"Осыған байланысты Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында, Алматы қаласының іргелес аумақтарында ағын қалыптасып, өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін. Бұл ретте су басуы мүмкін", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысындағы ауылда бірнеше көшені су басқаны хабарланды.
Алматы облысының әкімдігі өкілдері бұл дерекке қатысты пікір білдірді. Жібек жолы ауылы, Қарасу, Ақдала, Ақсу, Ақ жазық, Көкқайнар, Бөгенбай батыр, Баласаз, Жиделі көшелерінде жер астынан шыққан сулар жиналған.
"Қазіргі таңда әкімдік тарапынан арық жүйелерін қазу және арнайы техникалармен суды сорғызу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін төрт шақырымнан аса арық жүйелері қазылды", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!