"Титаник" және "Аватар" фильмдерінің продюсері Джон Ландау қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол 63 жаста еді. Джон Ландау өмірден өткенін The Hollywood Reporter басылымына продюсердің ұлы Джейми Ландау айтты. Оның сөзінше, әкесі 5 шілдеде қайтыс болған.
Кейбір америкалық дереккөздер кинопродюсер қатерлі ісіктен қайтыс болғанын жазған.
Джон Ландау карьерасын 1980-жылдары кино менеджері ретінде бастады. 1997 жылы ол Джеймс Кэмеронмен жұмыс істей бастады және "Титаник" (1997) фильмінің продюсері болды. Ол кино тарихында әлемдік прокатта бір миллиард доллардан аса табыс тауып, 11 "Оскар" сыйлығын, соның ішінде "Үздік фильм" номинациясын жеңіп алған туынды болды.
"Титаник" фильміндегі жұмысы үшін Ландаудың өзі де "Оскар" сыйлығын алды, оған қоса "Алтын глобус" сыйлығының лауреаты болды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!