- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Титан" сынықтары арасынан...
"Титан" сынықтары арасынан адамның дене мүшелері табылған болуы мүмкін
"Титан" батискафы сынықтары арасынан адамның дене мүшелері табылған болуы мүмкін. Бұл туралы АҚШ Жағалау күзеті мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.
"АҚШ Денсаулық сақтау мамандары оқиға орнында сынықтардың арасынан табылған, болжам бойынша адам дене мүшелеріне ресми талдау жасайды", - деді ведомство өкілі.
Айта кетейік, 28 маусымда жарылған батискафтың сынықтары Канадаға зерттеу үшін жеткізілген еді.
Еске салайық, бұған дейін "Титан" аппараты Атлант мұхитының солтүстік бөлігіндегі "Титаник" апаты орнына 18 маусымда аттанғаны хабарланған еді. Ал 19 маусымда экипажбен байланыс үзілген.
Қайғылы бортта батискафты салған Стоктон Раш, француз флотының ардагері Пол-Анри Наргеоле, ұлыбританиялық миллиардер Хамиш Хардинг және пәкістандық кәсіпкер Шахзада Дауд пен оның 19 жастағы ұлы Сүлейман болды.
22 маусымда АҚШ жағалау күзетінің контр-адмиралы Джон Могер бортта болғандардың бәрі қаза тапқанын мәлімдеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова