"Меломен" тобының бір мүшесі - әнші Қайрат Мырзаханов басы дауға қалған Ғабит Бибасыұлын туған күнімен құттықтап, ол жайлы сөз қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Меломен" тобының әншісі Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі Нұрилла Ақберген Анна Данченкоға берген сұхбатында алғаш рет ажырасуының себебін айтқан болатын. Нұрилла Ақберген күйеуі оны ұратын болғанын жасырмады.
Осыдан кейін "Меломен" тобының мүшесі қызу талқының астында қалды. Ал бүгін "Меломен" тобының бір мүшесі - Қайрат Мырзаханов өзінің инстаграм-парақшасында досын туған күнімен құттықтап, ол жайлы сөз қозғады.
"Денің сау болып, басың екеу болсын!
Соңғы Ғабит жайлы әңгіме мүлде шындыққа жанаспайды дегім келеді. Ғабиттей алтын жігітті ТИРАН етіп көрсетіп жатқандарды айтамын. "Бас жарылса бөрік ішінде" деп көбіне елден бастап, отбасы жағдайына айтылса керек. Қазір зорлық-зомбылық жайлы заң шыққаннан бастап, қаншама әйелдер орынды, орынсыз бас көтеруде. Оның ішінде өтірігі араластары аз емес. Бірақ ол Ғабитке мүлдем қатысы жоқ. Ғабит ешқашан бізге проблемасын айтып көрмеген және айтпайтын да жігіт. Тіпті, ол бокстан "Кмс" болса да өзін бірінші ұрған жігіттерді сабырға шақырған мықты жігіт. Осыдан соң қалай ол тиран болады. Әйелінің жағдайын менен де қаншама көріп жүрген жігіттерден де жақсы жасап, аялап, алақанда ұстап, жүрегін адал ұсынған азамат. Әр жанұяда проблема болатыны сөзсіз. Оның бәрі ары қарай тамыры мықты жанұя болуды нығайтатын зат қой. Еркек ашуланса, арыстаннан жаман мінез шығады. Ғабитті жерден алып, жерге салып жатқан қыздар ауыз өзімдікі деп, ешнәрсе білмей жатып артық жазудың қажеті жоқ. Мен бір нәрсе білемін, Ғабит өз әйелін өте қатты жақсы көрген, алақанда аялап ұстаған азамат. Ғабиттің бәрі ішінде. Бала-шағасын, ата-анасын ойлап тіс жарымайды. Басыңа бақ қонсын досым.
Бәрі уақытша. Экс-хайпер келіншек уақыты келгенде түсінер бәрін. Сені дүниеге әкелген ата-анаң аман жүрсін!", - деп жазды Қайрат Мырзаханов.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!