Тимур Сүлейменов Ұлттық банк төрағасы болып қайта тағайындалды

Тимур Сүлейменов Ұлттық банк төрағасы болып қайта тағайындалды
Фото: nationalbank.kz

Тимур Сүлейменов Ұлттық банк төрағасы болып қайта тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Тимур Сүлейменов туралы не белгілі?

Ол 1978 жылы 5 сәуірде дүниеге келген. Павлодар мемлекеттік университетін Әлеуметтік салалардағы экономика және менеджмент мамандығы бойынша бітірген.

"Болашақ" бағдарламасы бойынша Мэриленд университетінің магистратурасын тәмамдаған (АҚШ, 2002 жыл). Бұған дейін мынадай қызметтер атқарды:

  • 2002-2006 жылдары - Ernst & Young Kazakhstan салық бойынша кеңесшісі.
  • 2006-2009 жылдары - "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" мұнай-газ компаниясы Салық есебі және салықты жоспарлау департаментінің директоры.
  • 2009-2010 жылдары - экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.
  • 2010-2012 жылдары - экономикалық даму және сауда вице-министрі.
  • 2012-2016 жылдары - Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржылық саясат жөніндегі алқа мүшесі.
  • 2016-2019 жылдары - ұлттық экономика министрі.
  • 2019 жылы - Ұлттық банк төрағасының орынбасары.
  • 2019 жылы - ҚР Президентінің көмекшісі.
  • 2019-2022 жылдары  - Президент әкімшілігі басшысының әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша орынбасары.
  • 2022-2023 жылдары - Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.
  • 2023 жылы 4 қыркүйекте Ұлттық банктің төрағасы болып тағайындалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget