- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тимур Құлыбаевтың компаниясына...
Тимур Құлыбаевтың компаниясына қомақты айыппұл салынды
Атырау облысында Тимур Құлыбаевтың компаниясына айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Атырау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Joint Technologies ЖШС-нен "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС үлесінің 50 пайызын сатып алу-сату шарты бойынша ерекше талаптарды бұзғаны үшін бюджетке 1,7 миллиард теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыбы өндірілді.
"Сондай-ақ, бәсекелестікті қорғауды бұзғаны үшін "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС сот қаулысы бойынша, ӘҚБтК-нің 159-бабы 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 324 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұған дейін прокурорлық тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 5,7 миллиард теңгеге 50 пайыз үлес түріндегі мүлік мемлекетке қайтарылған болатын", - делінген хабарламада.
2023 жылғы қазандағы Forbes деректері бойынша, Joint Technologies ЖШС меншік иесі Тимур Құлыбаев болып табылатын "Кипрос" ЖШС-нің еншілес құрылымына тиесілі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина