- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тимур Құлыбаевқа тиесілі...
Тимур Құлыбаевқа тиесілі компанияға 1,6 миллиард теңге айыппұл салынды
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеубаласы Тимур Құлыбаевқа тиесілі "ТЭК-Қазақстан "Сауда үйі" ЖШС-іне 1,6 миллирад теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "ТЭК-Қазақстан "Сауда үйі" ЖШС қатысты монополияға қарсы тергеу аяқталды.
"Қызметтер кешеніне (дизель отынын қабылдау, сақтау және босату) монополиялық жоғары бағаларды белгілеу арқылы үстем жағдайды теріс пайдалану фактілері анықталды. Бұған дейін Серіктестікке қатысты ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 159-бабының 3-бөлімінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іске бастамашылық жасаған болатын", - делінген хабарламада.
2023 жылғы 20 сәуірде Астананың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі соты Серіктестікке қатысты 1,6 миллирад теңге әкімшілік жаза қолданды.
2023 жылғы 24 мамырда Астана қаласының соты бірінші сатыдағы соттың қаулысын өзгеріссіз қалдырды. Демек, сот шешімі заңды күшіне енді.
БАҚ мәліметінше, "ТЭК-Қазақстан "Сауда үйі" ЖШС экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеубаласы Тимур Құлыбаевқа тиесілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан