Бизнесмен Тимур Құлыбаев Қазақстан бокс федерациясының құрметті президенті қызметінен кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Федерация сайтындағы жаңартылған деректер Қазақстан бокс федерациясының құрметті президенті ретінде тек Кеңес Рақышевтың қалғанын көруге болады.
Бұрын федерация басшылығы туралы ақпарат көрсетілген бет төмендегідей болса:
Қазір онда Құлыбаев туралы деректі алып тастаған:
Еске салайық, Кеңес Рақышев Қазақстан бокс федерациясы президенті қызметінен 5 ақпанда кеткен болатын. Алайда ол құрметті президент болып қалды. Оның орнына қазақстандық кәсіпкер Мүтәліп Шахмұрат президент болып келді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!