Тимур Құлыбаев Азия Олимпиада кеңесінің вице-президенті болып қайта сайланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Азия Олимпиадалық кеңесі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев бір ауыздан 2023-2026 жылдар кезеңіне Азия олимпиадалық кеңесінің вице-президенті лауазымына қайта сайланды.
Азияның Олимпиадалық кеңесі - Халықаралық Олимпиада комитеті таныған бес Ұлттық Олимпиадалық комитеттердің құрлықтық қауымдастығының бірі. Ұйым АОК мүше елдерінің Олимпиада қозғалыстарын басқарады және үйлестіреді. Тұрақты түрде қысқы және жазғы Азия ойындарын өткізеді.
Айта кетейік, Тимур Құлыбаев 1966 жылы 10 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген.
1988 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін "Халық шаруашылығын жоспарлау" мамандығы бойынша бітірді.
2018 жылғы қарашадан бастап - Ұлттық Олимпиада комитеттері қауымдастығы (ANOC) Атқарушы комитетінің мүшесі.
2019 жылғы қазаннан бастап - "Қазақстанның бокс федерациясы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің Құрметті президенті.
2022 жылғы қыркүйектен бастап - Халықаралық Олимпиада комитетінің Олимпизм 365 комиссиясының мүшесі (IOC Olympism 365 Commission).
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!