Тимур және Динара Құлыбаевтар Altyn Bank-ке иелік ететін болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.
Агенттік басқармасы 2024 жылғы 7 маусымда бірнеше қаулы қабылдады:
- №23 "Тимур Аскарович Кулибаевқа "Altyn Bank" акционерлік қоғамының (China Citic Bank Corporation Limited ЕБ) ірі қатысушысы мәртебесін (жанама) иеленуге келісім беру туралы";
- №24 "Динара Нурсултановна Кулибаеваға "Altyn Bank" акционерлік қоғамының (China Citic Bank Corporation Limited ЕБ) ірі қатысушысы мәртебесін (жанама) иеленуге келісім беру туралы";
- №25 "АЛМЭКС" Холдингтік тобы" акционерлік қоғамына "Altyn Bank" (China Citic Bank Corporation Limited ЕБ) акционерлік қоғамының банк холдингі (жанама) мәртебесін иеленуіне келісім беру туралы".
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!